Сәрсенбі, 24 сәуiр, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қаржы жымқырған алаяқ сотталды

13.01.2021

1007 0

Азаматтар барған сайын қаржы пирамидаларының желілерінде «шатысуда» және өздерінің біраз қаражатын жоғалтуда. Қаржы пирамидасын құрушылар өздерінің құрбандарын қазіргі таңда әлеуметтік желілерде және танымал мессенджерде қармаққа түсіреді. Алаяқтар онлайн-топтар құрып, күмәнді жобаларға инвестициялауға қатысушыларды шақырады, ал жаңадан шақырылған адамдарға жоғары сыйақы алуға уәде береді.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі Нұрмағанбет Нұрболдың шеберлігінің және күрделі жұмыстарының нәтижесінде 1982 жылы туылған, жұмыссыз, бұрын сотты болған әйел азаматша ұсталды. Ол қаржы пирамидасын құру арқылы 152 азаматтан 91 миллион 496 мың теңгеден астам қаржыны қолды еткен.
Келеңсіз оқиға 2019 жылдың тамыз айынан бастау алды. Ол «WhatsApp» желісінде «Ай-шуақ» тобын ашып, қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оған басшылық жасаған. Топқа қосылған бірінші қатысушылар алғашқы салымдарын салып, 40 пайыз үстемесімен өз қаражаттарын қайтарып алып отырғаны белгілі болды. Жалпы айналымдағы қаржы 1 млрд 695 млн 538 мың теңгені құраған. Уақыт өте келе, артынан кірген пирамида қатысушыларына, құр уәде үйіп-төгіп, көзден таса болған.
Осы аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Қызылорда қалалық сотының шешімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: