Жұма, 27 желтоқсан, 10:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында есірткі өсірген адамдар ұсталды

16.07.2023

446 0

Қызылорда облысында маусым айынан басталған «Қарасора-2023» іс-шарасы аясында есірткі өсірумен айналысқан 23 адам қолға түсіп, олардың 6-ы қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Республика көлемінде есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс- шарасы 1 маусым және 31 қазан аралығында өткізіледі.

Аталған жұмыс барысында облыста есірткі өсірумен айналысқан 23 адам ұсталды, оның 6-ы қамауға алынды.

«Аталған жұмыстар барысында облыс көлемінде барлығы 39 есірткі құқық бұзушылығы анықталған. Оның ішінде 20-ы есірткі өсіру, 2-і есірткі өткізу, 3-і аса ірі мөлшерде сақтау және 14-і есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар саналады. Заңсыз айналымнан 1,6 тонна есірткі заты алынды. Полиция қызметкерлері олардан 5 келіден астам «марихуана», 5 грамм «гашиш» және 1 тонна 610 келі каннабис өсімдігін тәркіледі», деп мәлім етті  облыстық полиция департаментінен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: