Сенбі, 28 желтоқсан, 17:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада дәрігерлер жалған ПТР-анықтама сатқан

05.03.2021

1699 0

Қызылорда облысында ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен жалған анықтамаларды сатқан медицина мекемесінің екі қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қызылорда облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі медицина мекемесінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді бастады. Олар 2020-2021 жылы жүйелі түрде, COVID-19-ға арналған ПТР-сынамасының теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалар сатып келген. Анықтама вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшыларға, шетелге саяхатқа шығушыларға, Байқоңыр қаласына кіру және т.б. әртүрлі мақсатта пайдалану үшін берілген»,- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Ол бір жалған анықтама құны жеті мың теңгеден болғанын хабарлады.

«Сонымен қатар, медицина қызметкерлері Ұлттық сараптама орталығының аймақтық бөлімшесі лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы заңсыз сыйақы алағаны мәлім болды. Жыл басынан бері Қызылорда облысы тұрғындарына ПТР-сынама тапсырғаны туралы 60-қа жуық жалған анықтама берілгені анықталды. Жалған анықтамалар жасалған компьютерлік техника анықталып, мөр тәркіленді. Медицина қызметкерлері өз кінәсін толық мойындады», – деді Бигайдаров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: