Жұма, 24 сәуiр, 12:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Таным мен талап тоғысқан күн

24.04.2026

56 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Кітапта – білгенге маржанның бәрі бар. Тек, жұп-жұмыр ойды жатсынбай қабылдап, тереңіне бойлай алса болғаны. 23 – сәуір Ұлттық кітап күні талапты ұштап, білім кенімен бетпе-бет келетін рухани мереке. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер айтулы күні кітапханада бас қосты.

Сөредегі сөзі сүбелі шығармаларды шолып, таңдауы түскен кітапқа көз жүгіртті. Мекеменің кітапхана маманы Асылбек Бурхановтың айтуынша, кітапхана қорының мазмұнды туындылары жазасын өтеушілердің рухани дамуына, ой-өрісін кеңейтуге және әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Олар классикалық және заманауи әдеби шығармаларды оқып, өзара пікір алмасып, кейіпкерлер тағдыры мен шығарма идеяларын талқылады.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: