Жұма, 29 наурыз, 12:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада есірткі сақтаған күдікті ұсталды

22.12.2020

2008 0

«Қызылорда-Жезқазған» тас жолында  жол ережесін бұзған «Митсубиси Галант» автокөлігінен есірткі табылды.

Тексеру барысында автокөліктің салонынан жолаушыға тиесілі ерекше иісі бар шөп салынған полиэтилен пакеті алынды. Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар зат бір келіге жуық «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.

Оқиға орнында 41 жастағы Жезқазған қаласының тұрғыны күдікті ретінде ұсталды.                 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 бабының 3 бөлігімен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: