Сенбі, 20 сәуiр, 12:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада газ жарылып, 3 адамды күйік шалды

04.08.2021

550 0

Жалағаш ауданында табиғи газдың таралуынан жарылыс болды. Оқыс жағдайдан 3 адамды күйік шалып, олар ауруханаға жатқызылды.

Оқыс оқиға 3 тамыз күні сағат 17:10-да Жалағаш ауданының орталығындағы Әйтеке би көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйде болды. Салдарынан табиғи газ тарауынан ауа мен газ қоспасы жарылды. Өрт шыққан жоқ. Тұрғын үй ғимаратының құлау жағдайы тіркелмеді.

«Жарылыс салдарынан тұрғын үйдегі әйнек сынған. Оқиға барысында күйік шалған 1970 жылғы үй иесі, газ орнату мекемесінің 1990 және 1995 жылғы екі жұмысшысы күйік шалып, ауруханаға жатқызылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: