Дүйсенбі, 07 қазан, 08:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада заңсыз аң аулаған ауыл тұрғындары ұсталды

13.01.2021

1177 0

       12 қаңтар күні сағат 20:21 шамасында Қызылорда облысы ПД-ң Жалағаш аудандық полиция бөліміне «ОХОТЗООПРОМ ӨБ» РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесінің қызметкерінен заңсыз аңшылық туралы хабарлама келіп түскен.

        Онда Аққыр ауылынан 30 шақырым жердегі «Шірен» деген учаскеде 36 жастағы азаматтың басқаруындағы «Уаз» автокөлігін тоқтатқанын көрсеткен.

       Тексеру барысында автокөлік ішінен аңшы мылтықтары мен аң аулауға тыйым салынған құралдар, яғни екі дана жарық шам (прожектор) және 13 дана  қоян аңы  анықталған.

        Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобымен үш күдікті 36 жастағы және 39 жастағы екі аудан тұрғындары ұсталды. Барлық айғақты заттар тәркіленді.

        Аталған дерек бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 бабының 1 бөлігіне сәйкес  (Заңсыз аңшылық)  сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: