Жұма, 21 қаңтар, 21:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (1810)
18.01.2022
PDF мұрағаты

Қызылордада заңсыз казино ұйымдастырғандар ұсталды

10.08.2021

169 0

Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың үш фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Қ.Ноғаев есімді азамат Шиелі кентінде коммерциялық ғимаратты жалға алып, заңсыз жерасты казино ұйымдастырған.

С.Зайдашев есімді азамат такси тұрағының жанындағы коммерциялық үй-жайды жалға алып, Жаңақорған аудан орталығында заңсыз құмар ойындар өткізген.

Үшінші факті Қызылорда қаласында анықталды. Ол жерде азамат Ж.Бисариев ауызша келісім бойынша жеке үйді жалға алып, жасырын онлайн-казино ұйымдастырған.

Үш факт бойынша ұсталғандар кінәсін мойындап, оларға қатысты түрлі үкім шығарылды.

80-нен астам компьютер, модем, бейнетіркеу тәркіленді, тәркіленген ақша мемлекет кірісіне енгізілді.

Жалға берушілерге заңсыз ойын бизнесіне үй-жай бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескерту алды.

Сонымен қатар агенттік ойын аппараты немесе ойын мекемесі бар екенін білсеңіз, бірден агенттікке хабарласуға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: