Жұма, 29 наурыз, 06:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалықтың түрмеге әкелген палауынан телефон шықты

06.08.2021

424 0

 Қызылордадағы тергеу изоляторына палауға жасырып телефон өткізбек болған.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер тағы да тыйым салынған затты тауып тәркіледі.

«Мекеме қамауындағы сотталғанған келген азаматша «IRBIS» маркалы телефоны, қуаттағыш құрылғысын және Sim картаны политэлин пакетіне орап, палау тамағы мен салат ішіне жасырып өткізбек болған. Алайда,  азаматшаның тағамдарға жасырған «тосын сыйын» бақылаушы қызметкерлер бірден аңғарып, тәркіледі», – делінген хабарламада.

Қамаудағы сотталған «Ұрлық» бабымен 5 жыл 6 айға  бас бостандығынан айырылған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша  ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес іс-құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: