Жұма, 19 сәуiр, 10:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында спорттық іс-шара өтті.

01.09.2021

596 0

ЗК-169/1 тергеу изоляторында, сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын дамыту мақсатында спорттық іс-шара өткізілді. Конститутция күнінде ұйымдастырылған бұл іс-шараға ҚАЖ департаментінің САӘПТЖБ тобының бас маманы, әділет подполковнигі С. Сейдахметов келіп қатысты. Бұл шарада, мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтары спорттың гір тасын көтеру, волейбол, белтемірге (турник) тартылу ойындары бойынша жарысқа түсті. Тартысты өткен додаға, Қызылорда облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының әдіскер нұсқаушылары Әбдісадықов Аңсат және Бертай Сағидат есімді қызметкерлер төрелік жасап, сайыс қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен марапаттады.

– Жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу мақсатында, АКАӘПТЖБ – нің қызметкерлері әртүрлі тәрбиелілік іс-шар ұйымдастырып отырады. Өйткені, қылмыс жасаған азаматтарды түзелу жолына бағыттау, мекеме қызметкерлерінен біраз күш – жігерді талап етеді. Заңды бұзған азаматтарды жазалау орындарына түскенде, бұл азаматтардың ой-өрісін психологиялық тәрбиелеу мен еңбекке баулу және әртүрлі спорттық шараларға қатыстыра отырып тәрбиелейді. Өйткені спорттық іс-шараларға қатысқан сотталғандар темір торда телміріп отыра бергенше, әртүрлі қимыл қозғалыстарға түскенде, бойларына қан жүгіріп, санасы сергіп,бостандықтағы мақсаттарына деген талпынысы артады- дейді, бөлім бастығы әділет аға лейтенанты Ардақ Тұрманов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: