Сенбі, 04 мамыр, 13:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

08.09.2021

624 0

ЗК- 169/1 тергеу изоляторында мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік» тақырыбында мекеме қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы түсіндірме шаралары өткізілді .

Бұл іс-шараға, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Болат Айнұр Болатқызы және Ыбырай мешітінің имамы Нұрлан Талғат Нұрланұлы арнайы шақыртылды. Жиын мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Битаев Абай Есенгелдіұлының қатысуымен өтті.

Шараның басты мақсаты : сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау болып табылады.

Алғаш болып, баяндама оқыған кадр саясат тобының аға инспекторы Д.Шахи:

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.Олай болса біздің ЗК-169/1 тергеу изоляторында мекеме қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты,болдырмау және алдын алу мақсатында, жеке құраммен түрлі дәрістер, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізілуде – дей келіп, мекеме қызметінің ашықтығы және мен жеке құрам және ерікті жалдамалылар арасында жемқорлыққа жол бермеу мақсатында атқарылған жұмыстарына шолу жасады.

Мекемедегі атқарылған іс-шараларды мұқият тыңдап болған департаменттің бас маманы:

Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс, жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі,сондықтан мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін мінсіз орындап, мемлекеттік қызметтің беделіне және абыройына нұқсан келтірмей, өз іс-әрекетімен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жолын кесу үшін тиісті деңгейде жұмыс атқаруы тиіс – дегенді шегелеп айтты.

Ал, рухани орданың өкілі имам Талғат Нұрланұлы:

Тәрбиесіздік тойымсыздық пен түрмеге жетелейді, ал қанағат қарын тойғызады. Осы ретте, кез келген қызметкер «қалта мен қарынның» қармағынан шығып, жемқорлықты өзінің ертеңгі ұрпағының бақытты болашағын ұрлау, тұтас Отанына жасаған опасыздық ретінде түсініп, парасаттылық және ізгілік қағидаларын ұстанса, Қазақстан келешекте жемқорлықсыз мемлекетке айналар еді – деп, Құран хадистерінен мысалдар келтіріп, тыңдаушыларға салмақты ой салды.

Кездесу соңында, әділет майоры Битаев Абай Есенгелдіұлы келген қонақтарға уақыттарын бөлгені үшін рахмет айтып, бұдан соң да, бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: