Жұма, 04 қазан, 07:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Тіркелмеген мылтықты тәркіледі

06.01.2021

858 0

      «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қызылордалық полицейлер Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғынынан нөмірі өшірілген 16 калибрлі тіркеуде жоқ аңшы мылтығын алып, тәркіледі.

      5 қаңтарда Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл тұрғынының үй ауласындағы сарайынынан қару тапқан. Зауыттық тәсілмен дайындалған  мылтық  ішкі істер органдарында тіркелмеген.

     Айғақ зат Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді.

     Қазіргі уақытта бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар  сотқа жолданды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: