Сенбі, 20 сәуiр, 02:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

«Учаске» профилактикалық шарасы өтуде

13.09.2021

527 0

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, республика көлемінде «Учаске» профилактикалық шарасы өтуде. Аталмыш шара Қазалы ауданында да қолға алынды. Қыркүйек- желтоқсан аралығында жүргізілетін «Учаске» профилактикалық шараның мақсаты халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру, олар тарапынан жасалатын қайта қылмысты болдырмау, азаматтармен тығыз қарым –қатынас орнату болып табылады.

Профилактикалық шараға учаскелік полиция инспекторлары және ішкі істер органдарының басқа да құзырлы қызмет салаларымен қатар Пробация қызметінің инспекторлары да жұмылдырылды.

Шара барысында Қазалы аудандық пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандардың мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: