Бейсенбі, 18 сәуiр, 09:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

19 батырдың есімі енді

02.02.2021

11957 0

Тарих пен мұрағат жұмыр жердің  мәңгілік шырақ­шысы іспетті. Ол елдің өткені мен бүгінінің бүкпесіз қағаз бетіне түсірілген нұсқасы. Бұл – сан ғасырлар куәсіндей болған күллі дүние күмбірі. Осындай өнегелі дүниені өмір өзегіне айналдырып жүрген бахадүр бабалар жайлы деректі ма­териалдарды жинаған Бақытжан Ахметбекті ғылыми орта жақсы біледі.

Ол бұған дейін де бірнеше құн­ды жазбаны жарыққа шыға­рды. Жақында тағы бір жағымды жаңалық келіп жетті. Жерлесіміз, тарих­шы Бақытжан Ахметбек Қазақстан тарихы энцик­лопедиясының 2-3 томына Сыр бойынан шыққан 19 батырды енгізіпті. Бұл – үлкен ізденістен туған ең­бектің жемісті нәтижесі.

Қазіргі таңда Қорқыт ата университетінің тарих және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар акаде­миясының акаде­мигі Бақытжан Мұ­қарамұлы Сыр бойы ба­тырлары ту­ралы 1989 жыл­­дан бері зерттеу жұмыс­тарын жүр­гізіп келеді. Бүгінге дейін батыр бабалар туралы 100-ден астам мақала мен 10-ға жуық кітап шығарды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: