Сәрсенбі, 08 мамыр, 20:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Әділхан Бәймен атындағы «Қалам қуаты» атты эксклюзивті сұхбат байқауы

20.09.2021

2302 0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің редакциясы «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты басылым журналистері арасында белгілі қаламгер, «Ақмешіт апталығы» газетінің негізін қалаушы әрі тұңғыш редакторы Әділхан Бәймен атындағы «Қалам қуаты» атты эксклюзивті сұхбаттар байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты:

Ел Тәуелсіздігінің мерейлі жылында Тәуелсіздік тұлғаларын, Тәуелсіздік тарту еткен жетістікті кейіпкерлер арқылы көрсету. Тәуелсіз ел тарихында ел дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегін дәріптеу. Сұхбат жанрын уақыт талабына сай жаңа қырынан дамыту, журналист шеберлігін бағалау.

Байқау талабы:

Байқауға үміткерлер жасына шек қойылмайды. Кез келген тақырыпта сұхбат жүргізуге мүмкіндік беріледі. Байқауға үміткер биылғы жылдың 1қаңтарынан бастап желтоқсан айына дейін газетте жарияланған сұхбаттарды ұсына алады. Сұхбат көлеміне шек қойылмайды. Байқау материалдарын сараптауда тақырыптың өзектілігі, кейіпкердің болмысын ашу және көп назарын аударар тақырып пен кейіпкер таңдауы, шынайылығы, сұхбат талабына сай келуі бағаланады.

Байқауға қатысатын үміткерлер ұйымдастыру комиссиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4 А, байланыс телефоны 8(7242) 40-11-10), өзі туралы қысқаша мәлімет, газетте жарияланған сұхбатының PDF нұсқасын ұсынуы шарт. Байқауға ұсынылған материалдарды арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жарияланып, үздік сұхбат авторлары арнайы марапатталады.

«Ақмешіт апталығы» газетінің электронды поштасы: akmeshit.kz@mail.ru.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: