Бейсенбі, 25 сәуiр, 02:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ғалымға көрсетілген құрмет

24.08.2021

1703 0

Қызылорда қаласындағы Саяхат-5 көшесі енді ғалым-ағартушы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Базарбек Қашқынбаев есімімен аталатын болады.

Көшенің ашылуына қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы және техника ғылымдарының докторы, Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» Қылышбай Бисенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазыбай Құдайбергенов, және университет проректоры Жандос Базартай, профессор-оқытушылар, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Базарбек Қашқынбайұлы елімізде жоғары білімді педагог-кадрлар даярлауға сүбелі үлес қосқан. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, аймағымыздағы тұңғыш техника ғылымдарының кандидаты, ғалым, оқу-ағарту ісінің үздігі.

Білім саласында талантымен танылып, білімділігімен зор беделге ие болған профессор 1962 жылы Қызылорда пединститутының «Теориялық физика» кафедрасына оқытушылық қызметке шақырылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса бастады. Ал 1967 жылы Тарас Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің аспирантурасына оқуға түсіп, «Жоғары жиілікті электр тоғын өндіретін жаңа типтегі массивті роторлы турбогенераторлардан электромагниттік өрістің таралуын зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

Қызылорда педагогикалық институтында студенттерге терең білім беріп қана қоймай, оқу орны партия комитетінің төрағасы, кафедра меңгерушісі, сырттай оқу факультетінің деканы қызметтерін абыроймен атқарды. Физика-математика факультетінің материалдық-техникалық базасын дамытуға, физика бағыты бойынша лабораторияларды кешенді жасақтауға қомақты үлес қосты.

Ғалымның 16 оқу-әдістемелік құралы мен 60-қа жуық құнды мақаласы ғылыми журналдарда жарық көрді. Университет жанынан ашылған Қазақ-түрік лицейінің алғашқы директоры болып, лицейдің дамуына айырықша еңбек сіңірді.

Сүбелі еңбегінің нәтижесінде Базарбек Қашқынбайұлы КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Облыстық Кеңестің құрмет грамоталарымен, «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.

«Ақмешіт ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: