Сәрсенбі, 24 сәуiр, 15:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Құлшылық үйі бой көтерді

28.09.2021

2330 0

Қоғамның нақты ғылымдарға деген талпынысы мен рухани кемелдігі – жарқын болашақтың көрінісі. Әсіресе, діни тұтастық, рухани бірлік егемен елдің ажырамас бөлшегіне айналып үлгерді. Себебі қазіргі таңда ұлтқа ортақ ұстаным мемлекеттің идеологиялық, стратегиялық жоспарынан қалыс қалмайды. Қызылорда қаласында жаңадан бой көтерген «Нұр» мешітінің діни жоралғыдан өзге, қызметі де – тұрақтылықты нығайту, бірлікті бекемдеу.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп, мешіттің ел игілігіне берілуімен құттықтады. Бас мүфти демеуші азаматтарға көпшілік атынан алғыс білдіріп, имамға Құран Кәрім кітабын сыйға тартты.

– Мешіт – мұсылман қауымның Жаратушы Иемізге кіршіксіз құлшылық жасап, шынайы тәубеге келетін, жабырқаған жанына жұ-баныш табатын, арман-тілегін Аллаға ақтарып, дұға тілейтін мінәжат үйі. Мешіт – діни дүниетанымын арттырып, рухани білімін дамытып, тәлім аламын дегендер үшін тәрбие ордасы.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» деген. Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады» («Тәубә» сүресі, 18-аят) делінген. Хақ Тағала игі іске үлес қосқан барша азаматтарға разы болсын, – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы.

Салтанатты іс-шарадан кейін Бас мүфти жиналған халыққа уағыз айтып, жұма намазын өткізді. Ал намаздан кейін Құран оқылып, дұға жасалды.

Айта кетейік, жаңа мешітте бір мезетте 1500 адам намаз оқуға жағдай жасалған. Мұнда намаз залдарынан бөлек дәріс сыныптары, Құран оқыту, неке қидыру және конференция залы бар. Ерекше сәулетпен салынған құлшылық үйі жергілікті тұрғындар мен демеуші азаматтардың көмегімен тұрғызылған.

Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: