Жұма, 21 қаңтар, 22:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (1810)
18.01.2022
PDF мұрағаты

Қызылордада халықаралық форум өтеді

29.06.2021

2699 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында халықаралық форум өтеді.

Ғылыми шараға 500-ге жуық оқытушы-профессор, шетелдік және отандық ғалым қатысады деп күтілуде. Пандемияға байланысты форумды офлайн және онлайн форматта өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Абайбек Жүнісов мәлімдеді.

«Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үкімет отырысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтудегі ерекшеліктерді атап өткен болатын. Мемлекет басшысы ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол беруге болмайтынын, әрбір шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру қажет екенін баса айтты. Осыған орай, форумда қатысушылар «Қазіргі сын-қатерлер, дәстүрлер мен инновациялар: «Әлеумет. Тұлға. Құндылықтар» атты тақырыбында құнды ойларын айтып, пікір алмасады. Яғни Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, елдің экономикалық дамуы, рухани жаңғыру мен жастар мәселелері қозғалады. Айта кетейік, ғылыми шара барлық карантин талаптарына сай жүргізіледі», – деді Абайбек Талғатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: