Дүйсенбі, 07 қазан, 06:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Жүз жыл жырлаған жүрек

10.03.2021

17101 0

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл. Мерекені тойлау республика көлемінде басталған еді. Соның бірі Қарауылтөбе ауылдық округіндегі №179 Айтбай Хангелдин атындағы орта мектепте Жамбыл Жабаев апталығы басталды. Білім ордасы «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты оқушылар айтысын ұйымдастырды. Сөз бәйгесі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналды.

Жыр додасында қаланың әр түкпірінен келген өнерлі өрендер өз ойларын өлеңмен өріп, сөз сайысында өзара тартысқа түсті.

Көпшіліктің көңілінен шық­қан  балғын айтыскерлер балаға тән бал тілімен айтыс өнерінің шоғыры биік екендігін көрсетіп бақты. Сахнаға шыққан жұптар сүбелі сөз саптап, сергек ой та­нытты. Табан асты қойылған сауал­ға жауап қайтарып, бойында суы­рыпсалмалықтың бар екен­дігін танытқан таланттар да жоқ емес.

– Жамбыл – қазақ жырының ал­даспаны. Бүгінгі додада бақ сынаған өрендер биік деңгей­де өнер көрсетті, тақырыпты жан-жақты аша білді. Ұлы баба­ла­рының рухына жырмен ес­керткіш қойды. Талаптың оты арындаған жас таланттар қазақ айтысы­ның бо­лашақ жұл­дыз­да­рына айнала­ды деп сене­­міз, – деді №179 Айт­бай Хангелдин атындағы орта мек­тептің ди­ректоры Асқар Садықов.

Суырып салма айтыскерлермен қатар жазба ақындар да өнерін ортаға салды. Өлеңдеріне ақын­ды арқау еткен оқушылар  тол­ғаныстарын мәнерлеп оқып, келген қонақтардың жүрегіне жеткізе білді. Сүбелі сөздің мән мағынасына мән берген қазы­лар айтыс қатысушыларын дип­ломдармен марапаттады.

Қазылар алқасы сайысқа қа­тысу­шылардың сөз қолданыс­тарын, ой жүйелігі мен тереңдігін, көркемдік ерекшелігін, дауыс мәнері мен тіл тазалығын, сахна әдебін басты назарға алып сайыстың жүйріктерін анық­тады. Нәтижесінде оқушылар айтысының бас бәйгесін №187 орта мектептен келген Нұржігіт Бихожа алды. Жүлделі I орынды №179 Айтбай Хангелдин атын­дағы орта мектептің шәкірті Айткүл Мырзабай иемденсе, II орын №144 орта мектептің оқушысы Әлімжан Оңабайға бұйырса, ал III орынды Жамбыл Сүлеев олжалады.

Мұнан бөлек білім ордасында «Жамбыл Жабаев – Ұлы дала жыршысы» атты оқушылар ара­сында мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Суретті түсірген

Нұрболат Нұржаубай

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: