Сенбі, 04 мамыр, 20:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Әскерге шақырылатын офицерлер саны екі есе артады

24.05.2023

535 0

Жоспар бойынша 2023 жылы 345 адам әскерге шақырылуы тиіс болса, енді олардың саны 635 болмақ.

Қорғаныс министрлігі 2023 жылы әскерге шақырылатын запастағы офицерлер санын арттырмақ. Атап айтқанда, Қарулы күштер қатарына шақырылатын запастағы офицерлер саны 260-тан 550-ге дейін артады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

Сәйкесінше, Қорғаныс министрлігі 2023 жылы әскери қызметке шақыратын запастағы 550 офицер келесі әскери құрылымдарға тартылады:

  • ҚР Қарулы күштеріне – 550 адам (жоспар бойынша 260 болған);
  • ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 60 адам (өзгеріссіз);
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 адам (өзгеріссіз);
  • ҚР Ұлттық ұланына – 9 адам (өзгеріссіз).

Заң бойынша әскерге 29 жасқа дейінгі, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер шақырылады.

2022 жылмен салыстырғанда әскерге шақырылатын запастағы офицерлер саны күрт артқанын атап өту керек. 2022 жылы 190 офицер әскер қатарына шақыру жүргізілді. Олардың 150-і Қарулы күштер қатарына, 40 офицер ҰҚК Шекара қызметіне тартылды.

Қаулы жобасы 6 маусымға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: