Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін»: Тоқаев Ауғанстандағы жағдай туралы айтты

16.09.2021

898 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында сөйлеген сөзінде Ауғанстандағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Душанбе қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында президент Ауғанстан үкіметімен байланыс туралы айтып өтті.

“Біздің бақылауымызша Ауғанстандағы жағдай аса қатты тұрақсызданып, азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін.  Жаңадан уақытша үкімет құрылды. Оның құрамы мен ниеті туралы әлемде әртүрлі пікір бар. Жаңа тәліп әкімшілінің құрылуы Ауғанстанда бейбітшіліктің орнағанын және экономикалық тұрғыдан даму үшін қажетті жағдайлар жасалатынын білдірмейді. Бұл жерде күтпеген кедергілер бары анық”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ауғанстандағы ахуалдың дамуына байланысты алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай гуманитарлық дағдарысқа қарай бет бұруда.

“Ауғанстанмен арадағы қалыптасқан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық байланыстарды мүмкіндігінше қайта қалпына келтіру маңызды деп санаймын. Ауғанстандағы ұзақмерзімді стратегиялық ұстанымдарын әзірлеуге қатысты жаңа биліктің қызметін мұқият бақылауды жалғастыру қажет деп ойлаймын. Біздің негізгі бағдарымыз – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі. Қазақстан оны толық қолдауға ниетті”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: