Конституция

Жұма, 03 шiлде, 18:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда құны 3 трлн теңгеден асатын 1300 МЖӘ келісімі жасалды

03.07.2026

24 0

Фото: Pexels

Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жалпы құны 3 трлн теңгеден асатын 1300 келісім жасалған. Бұл туралы Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға арналған халықаралық инвестициялық диалогта Қазақстандық МЖӘ орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдос Көбетов мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оның айтуынша, инвестициялық блоктың негізгі мақсаты — Қазақстан заңнамасының ірі капиталды қажет ететін жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін көрсету.

— Қазіргі таңда жалпы құны 3 трлн теңгеден асатын 1300 келісім жасалды. Бұрын басымдық әлеуметтік маңызы бар, халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ететін жобаларға берілсе, қазір автомобиль жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы жобалар да жүзеге асырылып жатыр, — деді Айдос Көбетов.

Ол сондай-ақ былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен ерекше маңызы бар ірі жобалар тізімі айқындалғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыруда Азия даму банкі және өзге де халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты күшейтіп жатқаны хабарланған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: