Жұма, 03 мамыр, 00:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

31.03.2024

459 0

Сурет:stan.kz

Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген президент жарлығында.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар. Білімі бойынша экономист. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Бозымбаев әртүрлі жылдар ішінде Алматы қаласы әкімінің көмекшісі, экономика және сауда министрлігінің аймақтық саясат басқармасының бастығы, «ҚазТрансОйл» компаниясында экономика мәселелері жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарып, 2016 жылы энергетика министрлігін басқарғанға дейін түрлі қызметтерді атқарған. Сонымен қатар, Бозымбаев президенттің көмекшісі, Павлодар, Жамбыл және Алматы облыстарының әкімі болған. Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысын басқарды. Ол бұл қызметтен 2022 жылдың маусым айында кеткен, содан кейін ол бір жылдан астам мемлекеттік қызметте болған жоқ.

2023 жылғы 4 қыркүйекте мемлекет басшысының өкімімен Бозымбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: