Жексенбі, 28 сәуiр, 09:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі, экс-депутат: Назарбаев ендігі төңкерісті әдемілеп жасайды. Кегін алады

10.02.2024

409 0

Сурет:stan.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған, экс-депутат Серік Әбдірахманов бұрынғы президенттің тағы бір төңкеріске дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұрынғы депутаттың айтуынша, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ешқашан кешірмейді, кегін алады. 

«Ол қайталамайды емес, қайталайды. Ендігі төңкерісті әдемілеп жасайды. Бас хатшы Шардарбаев орыстың бас хатшыларының қалай кеткенін айтты. Сол сияқты ол да кешірмейді. Кегін алады. Қазір Қасым-Жомарт Тоқаев жыланның құйрығын басқандай болып тұр. Өте қауіпті», – деді ол. 

Сондай-ақ Аралбайұлы бұрынғы депутаттан «Жоңғар пейілді Назарбаев. Нұршайтан» деген сөздерді не үшін айтқанын сұрады. 

«Ол Қазақстанды жоқ қылды. Біз арабтардан бай халықпыз. Бай жерімізден қазіргі кедейшілікке жеткізді. Ондай адамға не деп айтуға болады? Кішкентай ми болса тарихта қалмайсың ба? Алғың келсе шым-шымдап кішкене ғана ал, одан өлмейсің. Нұрәлі Әлиевтің атасы жеген, шешесі алған. Енді олар қазақтың қалған 20%-ын жұтып жатыр. Сұмдық қой. Бүтін халық болып көтерілуіміз керек. Ұры жүйеден қазақты құтқаруымыз керек», – деді Әбдірахманов. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: