Сәрсенбі, 08 мамыр, 20:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қателесіп дауыс берген жағдайда бюллетеньді ауыстыруға бола ма?

19.03.2023

400 0

Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова әрбір сайлаушы өз бюллетенін бір рет өзгертуге құқылы екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бюллетеньді жәшікке салғанға дейін өзгертуге болады.

«Егер сайлаушы өзі қатесін жәшікке салмай тұрып байқаса, онда учаскелік комиссияға жүгініп, жаңа бюллетень сұраса болады», – дейді Айгүл Қалықова.

Сондай-ақ ол бүлініп қалған бюллетень жарамсыз деп саналатынын атап өтті.

«Дауыс беруден кейін мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады. Жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі»,- деп ескертті ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: