Сенбі, 07 желтоқсан, 23:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан шетелден қарыз алмақ

13.11.2024

240 0

Фото: коллаж: depositphoto

Қазақстан Азия Даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 105 миллиард йен қарыз алады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Аталған сома ел экономикасын тұрақтандырып, қаржы секторын жақсартуға бағытталып отыр. Парламент Мәжілісі тиісті заң жобасын талқылау кезінде Депутат Татьяна Савельева Азия Даму банкі Қазақстан Республикасына 52,3 млрд йен қарыз беретінін, оның өтеу мерзімі – он бес жыл, жеңілдік мерзімі 2027 жылдың бірінші маусымына дейін екенін айтты.

«Қарыз республикалық бюджет тапшылығының жоспарлы кезеңге бекітілген мөлшері аясында ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылады», – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 52,7 млрд йен қарыз алуды жоспарлап отыр. Бұл ақша да республикалық бюджет тапшылығын жабуға жұмсалмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: