Жұма, 19 сәуiр, 08:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Сайлауға барамыз…

24.07.2021

1449 0

Қазақстандықтар жексенбіде, яғни 25 шілде күні алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы сайлайтыны белгілі. Бүгінде бұрын-соңды қолданылмаған мұндай қадамға елді мекен тұрғындары арасында жатырқай да, жақтай да қарағандар жетерлік. Әйтесе де түптің түбінде ауыл тізгінін ұстайтын басшыны таңдауды халықтың өзіне тапсыру орға жықпасын сезді ме, шешуші уақыт таяған сайын тұрғындар белсенділі артуда…

Байқалғаны, аталған сайлау көптен бері ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген өзекті мәселенің шетін шығарды. Ондағысы, ауылдың ау-жайымен жақсы таныс азамат елді мекенді басқарса деген ел тілегі. Себебі кей ауылда сырттан келген басшы жергілікті мәселенің мәнісі мен маңызын жете түсінбей, көптеген олқылықтың шешу мерзімін кешіктіріп келген-тұғын. Оған қоса тұрғындармен тіл табыса алмау салдарынан халықтың берекесі тайып, бір-бірін «сотқа сүйреген» жағдайлар жиі қайталанды. Биліктің ұлт қазынасы – ауылдың тірлігін, болашағын сақтау жолында қолға алынған өзгерістің бір тетігі де тұрғындардың бірлігін күшейту еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлаудың маңызына бұған дейін де нақты тоқталып, өзгерістің дамуға жетелейтініне сенім білдірді. Тіпті Мемлекет басшысы «Twitter» парақшасында ауыл тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырып, үндеу жолдаған болатын.

«25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, биыл аймақтағы 40 ауылдық округ тіке­лей дауыс беру арқылы әкім сайлауын өткізеді. Бүгінде облыста 122 кандидат тіркеліп, бюллетеньге енгізілген. Ұсынылған кандидаттардың арасында 8-і әйел. Сондай-ақ 27-сі мұғалім, 24-і экономика, қаржы, 22-сі заң­гер, 14-і инженер-технолог, 2-і саясаткер, 1-і дәрігер мамандығын игерген.

Берен ШАҒЫРОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: