Сенбі, 22 маусым, 05:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев айқын жеңіске жетті: ОСК сайлаудың соңғы қорытындысын шығарды

22.11.2022

504 0

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. Оған 6 миллион қазақстандық дауыс берген.

Өзге қарсыластары: Жигули Дайрабаев – 3,42%;

Қарақат Әбден –  2,6%;

Мейрам Қажыкен – 2,53%;

Нұрлан Әуесбаев –  2,22%;

Салтанат Тұрсынбекова –  2,12%.

Сайлаушылардың 5,8 пайызы бәріне қарсы деген жолға дауыс берген – бұл 460 484 адам. Сайлауға келушілердің қорытынды көрсеткіші 69,44 пайызды құрады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз лауазымын атқаруына кірісуінің салтанатты рәсімі (инаугурация) 26 қарашада өтеді.

Айта кетейік, кеше 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 68 учаске құрылған.

Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: