Бейсенбі, 28 наурыз, 22:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев Лукашенконың одақтас бол деген ұсынысына жауап берді

29.05.2023

536 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстн облысына жасаған іссапары барысында Беларусь президенті Александр Лукашенконың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев Лукашенконың бұл қалжыңын өз деңгейінде бағалағанын айтты. 

“Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақтас мемлекеттің құрамына қосылуды ұсынған. Мен бұл қалжыңды өз деңгейінде бағаладым. Меніңше, мұның қажеті жоқ, себебі өзге де интеграциялық ұйымдар бар. Ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ. Ядролық қаруға келсек, оның бізге керегі жоқ. Өйткені біз Ядролық қаруды таратпау және Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы келісімдерге қосылғанбыз. Біз Бұл халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерді орындаймыз», – деді Тоқаев. 

Айта кетейік. бұған дейін Александр Лукашенко Қазақстанға Ресей мен Беларусь одағына қосылуды ұсынған еді. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев бұл үшін уайымдайды деп ойламаймын. Егер Қазақстан мен өзге елдерде де Ресеймен біздің арамыздағы секілді тығыз қарым-қатынас орнағанына ешкім қарсы болмаса, бұл өте оңай. Бар болғаны Ресей мен Беларусь одағына қосылу керек. Сонда ядролық қару барлығына ортақ болады. Бұл менің пікірім, ресейліктердің пікірі емес. Бірақ бұл мүмкін деп ойлаймын. Бірігу үшін біздің елдеріміздің арасында бірегей мүмкіндік барын стратегиялық тұрғыдан түсінуіміз керек», – деді Лукашенко «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасының эфирінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: