Жұма, 03 мамыр, 20:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

06.09.2021

1511 0

Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерлері тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, ерлер арасындағы ұлттық құраманы енді Қайрат Сәтжанов басқарды. Бұған дейін бұл қызметті Ғалымбек Кенжебаев атқарды. Ол бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшісіне қызметінен кетуі жайлы пікір білдірген болатын.

Жаңа бапкер Сәтжановтың бапкерлік өтілі – 31 жыл. 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.

Осы уақыт ішінде оның боксшылары «Азия балалары» халықаралық ойындарының медалін екі рет жеңіп алды, әлем чемпионаттарында екі рет үздік үштікке енді. Сондай-ақ Азия чемпионатында екі рет жеңіске жетті.

2019 жылы Сәтжанов Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.
Екі жыл ішінде спортшылар Азия чемпионатында екі рет командалық есепте жеңіске жетті және әлем чемпионатында екінші орын алды.

Әйелдер құрамасының бас бапкері кім

Ал бокстан әйелдер құрамасын енді Шәміл Сафиуллин басқарады. Ол бұған дейін бапкерліктен өз еркімен бас тартқан Ерік Алғабектің орнына тағайындалды.

Шәміл Сафиуллиннің бапкерлік еңбек өтілі 25 жылдан астам. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанда да, шетелде де жұмыс істеген.

Әлем чемпионаты жүлдегерлерін, Азия чемпиондарын және Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазын дайындады.

2018 жылдан бастап Сафиуллин бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінде еңбек етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: