Жексенбі, 16 маусым, 08:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Бүгін «Ұлы дала жорығы-2024» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары марапатталады

23.05.2024

617 0

Сурет: Tazhkurov M

«Ұлы Дала жорығы-2024» эпикалық марафон-бәйгенің жеңімпаздары бүгін белгілі болады.

Бүгін, 23 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтары «Ұлы дала жорығы» көпкүндік марафон-бәйгесінің майталмандарын салтанатты түрде марапаттау рәсіміне куә бола алады. Салтанатты шара сағат 19:00-де Көкшетаудан қалаға кіре берістегі экопосттың жанында орналасқан «Құлагер» монументіндеөтеді.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиғақазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Биыл жол қашықтығы500 шақырымды құрады және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтыды.

Бас жүлде – 15 000 000 теңге, 2 орын – 10 000 000 теңге, 3 орын – 5 000 000 теңге.

Сонымен қатар, алғашқы үш жеңімпаз5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

Жобаның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «JORYQ» федерациясы.

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықтыәрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: