«ПСЖ» футбол клубының форварды Килиан Мбаппе әлемнің ең қымбат футболисі атанды. Бұл туралы «Sportico» сайты хабарлады.
Француздық шабуылшы париждіктермен жаңа келісімшарт жасасудың арқасында рейтингте бірінші орынға шықты. Оның айтуынша, «ПСЖ»-да ол 105 миллион доллар алады. Тағы 20 миллионды Мбаппеге демеушілік келісімшарттар әкеледі.
Рейтингтегі екінші орынға «Манчестер Юнайтед»-тің шабуылшысы Криштиану Роналду 113 миллионмен тұрақтады. Португалиялық Манчестерден келісімшарт бойынша 53 миллион, демеушілік келісім бойынша 60 миллион доллар алады.
Ең көп ақша табатын футболистер тізімінің үздік үштігінде Лионель Месси бар. «ПСЖ» клубының шабуылшысы 110 миллион доллар табады.
Айта кетерлік жайт, Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингісінде көш бастап тұр. Халықаралық спортты зерттеу орталығы (CIES) оның трансферлік құнын 206 миллион еуроға бағалап отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!