Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Есептегі азаматтар арасында спорттық шара өтті

28.09.2021

1438 0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пробация есебіндегі жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Шиелі аудандық пробация қызметі мен аудандық жастар ресустық орталығы бірлесіп, спорттық шара өткізді. Есептегі азаматтар дойбы, қол күрес , футбол сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Сотталғандардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, қайтадан қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған шараға есептегі 25 азамат қатысты.

Тартысқа толы бәсекеде есептегі азаматтар белсенділік танытып жеңіске жету үшін барларын салды. Тартысты өткен жарыстың жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен алғыс хаттар және сыйлықтар табысталды.

«Аудандық жастар ресустық орталығымен бірлесе отырып спорттық шараларды жиі өткіземіз. Спорттық-мәдени шаралар пробация есебіндегі азаматтардың саламатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып түзелу жолына түсуіне берері мол. Осындай іс-шаралар, оларға серпін беріп, алдағы уақытта қателікке бой алдырмай қоғамда өз орны бар мемлекетіміздің азаматы болып қалыптасуына игі әсері бар»,- деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Самат Қалмағанбетов

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: