Жұма, 03 мамыр, 23:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Футбол королі дүниеден озды

30.12.2022

1033 0

Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы Пеле мәңгілік сапарға аттанды. Бұл туралы sports.ru сайты хабарлады.

Пеле Бразилиядағы ауруханалардың бірінде жан тапсырды. Ол 29 қарашада шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілген болатын. Футболшы соңғы екі жылда тоқ ішектің қатерлі ісігімен күресіп, жеңіліске ұшырады. Ол 29 желтоқсанда 82 жасында көз жұмды. Пеле футболшы ретінде әлем чемпионатында үш рет жеңіске жеткен жалғыз ойыншы. Ол 1958, 1962 және 1970 жылдары Бразилия сапында әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама сапында 92 ойын өткізіп, 77 гол соққан. Бұл рекорды 50 жыл бойы сақталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: