Сенбі, 20 сәуiр, 06:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы төртінші орын алды

03.10.2021

1421 0

Бүгін Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында Бразилиямен 3-орын үшін таласқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Футзалда Бразилия тәжірибелі құраманың бірі саналады. Аталған құрама әлем чемпионатында бес дүркін чемпион атағын жеңіп алған.

Екі құрама тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде ойынның 12-минутында қазақстандық футзалшылар қарсыластар қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырды. Ол бразилиялық қақпашы Гиттаға тиіп, автогол соғылды. Осылайша бірінші кезеңнен кейін Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Екінші кезеңде тартысты жекпе-жек одан әрі өрбіді. Ойынның 25-минутында қазақстандық құрамадан Тайнан ойламаған жерден өзінің қақпасына гол соғып алды. Ол 31-минутта қарсыластар қақпасына гол соғып, қайтадан Қазақстан құрамасы алға шықты. Дегенмен одан кейін бразилиялықтар қатарынан Родриго 32, Феррао 34, Ле 35-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Қазақстан қарсыласынан 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде Бразилия әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол созды. Қазақстан төртінші орынға тұрақтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: