Жұма, 19 сәуiр, 21:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Головкиннің бұрынғы қарсыласы Әлімханұлының болашақ қарсыласымен кездескісі келеді

03.01.2022

1096 0

Кезінде отандасымыз Геннадий Головкиннен техникалық нокаутпен жеңілген америкалық боксшы Габриэль Росадоның ойы біраз жерде жатыр. Ол WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андрадемен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді.

«Эдди Хирн, жұрт қалаған керемет жекпе-жек ұйымдастырайық. Деметриус Андраденің әлем чемпионы екені мәлім. Алайда менің фанаттарым көп. Мен – халық қалаған чемпионмын. Ендеше жанкүйерлер шын мәнінде қызыға тамашалайтын шоу ұйымдастырудан қашпайық. Андраде дайын болса, мен дайынмын», деп жазды ол твиттердегі парақшасында белгілі промоутер Эдди Хирнді белгілеп.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын бүкіләлемдік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлын Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы етіп тағайындаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: