Дүйсенбі, 24 қаңтар, 18:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6 (1811)
22.01.2022
PDF мұрағаты

Месси «Барселонамен» қош айтысты

06.08.2021

354 0

«Барселона» капитаны Лионель Месси каталониялық клуб сапынан кетті деп хабарлайды Eurosport.ru.

«Барселонаның» ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, клуб Мессимен жаңа келісімшарт бойынша келісімге келген, алайда Ла Лига ережелері келісімді ратификациялауға мүмкіндік бермепті.

 «Бұндай жағдайда Месси «Барселона» ойыншысы болып қалмайды. Ойыншының да, клубтың да қалағаны орындалмай қалуы қос тарап үшін өкінішті жайт болып отыр» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мессидің «Барселонамен» соңғы келісімшарты 30 маусымда аяқталды және ол мансабында бірінші рет еркін агент атанған еді.

Сұрмерген мансабын тек каталониялық клуб сапында өткізді. Өткен маусымда шабуылшы Испания чемпионатында 35 матчқа қатысып, 30 гол соқты.

«Барселонамен» бірге Лео 34 кубокты жеңіп алғаны белгілі. Оның ішінде 10 рет Испания біріншілігін және төрт мәрте Чемпиондар Лигасын ұтты.

Сонымен қатар, Месси «Алтын допты» алты рет жеңіп алған футбол тарихындағы жалғыз ойыншы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: