Сейсенбі, 24 желтоқсан, 00:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Олимпиада ойындары тарихында болған атышулы 5 жанжал

06.02.2022

1121 0

Бейжің төрінде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бір күн қалды. Әр Олимпиада өзіндік ерекше оқиғаларымен есте қалып жатады. Бүгін біз Олимпиада ойындары тарихында болған атышулы 5 жанжал туралы әңгімелесіміз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олимпиада ойындары тарихында болған атышулы 5 жанжал

1. 1904 жылы марафонды автокөлікпен жеңіп алды Америкалық Фредерик Лорц 1904 жылы дәл осылай жасады. Ол жарыс жолының жартысында шаршап қалып, менеджердің көлігімен мәреге жетеді. Лорц мұны әзіл деп түсіндіргенмен, ойыннан шеттетіледі.

Олимпиада ойындары тарихында болған атышулы 5 жанжал

2. 1920 жылы Олимпиадада ту ұрланды 1920 жылы Антверпенде өткен Олимпиада ойындары алғаш рет түрлі-түсті сақиналары бар жалаумен өтті. Бірақ ол тек 2 күн ілініп тұрды, содан кейін із-түзсіз жоғалып кетті. Қайда жоғалғаны тек 80 жылдан кейін ғана анықталды. Дайвингтен Олимпиада ойындарының жүлдегері Хейг Прист оны ұрлап кеткен. Спортшы туды 2000 жылы Олимпиада комитетіне қайтарып берді.

Олимпиада ойындары тарихында болған атышулы 5 жанжал

3. 1936 жылғы Олимпиадаға қатысқан әйел ер адам болып шықты Дора Ратье 1936 жылы Германия атынан Берлин Олимпиадасына қатысып, биіктікке секіруден 4 орынға ие болды. Екі жылдан кейін ол Еуропа чемпионатында алтын алып, әлемдік рекорд орнатты. Көп ұзамай Дораның Генрих Ратджен есімді ер адам екені анықталады. Кейін белгілі болғандай, ол барлық атақтан және жарыстарға қатысу құқығынан айырылған.

Олимпиада ойындары тарихында болған атышулы 5 жанжал

4. КСРО баскетбол құрамасының ысқырықтан 3 секунд бұрынғы жеңісі Мюнхендегі Олимпиада ойындары кезінде баскетбол турнирінің финалында КСРО мен АҚШ кездеседі. Матчтың аяқталуына аз уақыт қалғанда америкалықтар 50:49 есебімен көш бастайды, бірақ КСРО спортшылары ысқырықтан 3 секунд бұрын допты лақтырып, жеңісті жұлып алады. АҚШ ойыншылары жанжал шығарып, бүгінгі күнге дейін Кеңес Одағының жеңісін мойындамайды.

Олимпиада ойындары тарихында болған атышулы 5 жанжал

5. 2002 жылы алтын медальдардың екі жиынтығы Олимпиадада мәнерлеп сырғанау тарихындағы басты жанжал 2002 жылы болды. Ол кезде Елена Бережная мен Антон Сихарулидзе жұптық жарыста жеңіске жетеді, бірақ канадалық мәнерлеп сырғанаушылар жеңілгендерін мойындамай, жаншал шығарады. Ал қазылар алқасының бір мүшесі орыстардан пара алды дейді. Нәтижесінде канадалықтар екінші алтын жиынтығымен марапатталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: