Жұма, 26 сәуiр, 14:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан құрамасы бокстан рейтингте көш бастады

31.05.2023

806 0

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингінде Қазақстан бірінші орынға көтерілді. Бұған Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы спортшылар жетістігі әсер еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаңарған рейтингте қазақ боксшылары 81 000 ұпаймен бірінші орынға жайғасқан. Екінші орында Өзбекстан құрамасы (60 800) болса, үштікті Ресей құрамасы (58 050) түйіндеп тұр. 

Айта кетейік, Ташкенттегі әлем чемпионатында медальдар саны бойынша Өзбекстан құрамасы жеңімпаз атанды. Олар 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған болатын. Ал екінші орынды 4 алтын, 1 күміс медаль еншілеген отандастарымыз иеленген еді. ІВА рейтингінің алғашқы ондығы келесідей:

1. Қазақстан – 81 000;
2. Өзбекстан – 60 800;
3. Ресей – 58 050;
4. Үндістан – 55 500;
5. Куба – 45 300;
6. Бразилия – 43 400;
7. Италия – 38 980;
8. Түркия – 38 450;
9. Мексика – 37 650;
10. АҚШ- 34 950. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: