Құрылтай

Жексенбі, 12 шiлде, 13:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандық жасөспірімдер Германияда өтіп жатқан оқ атудан әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

21.06.2026

604 0

Фото: Kazinform

Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимимпиадалық комитеті, – деп хабарлайды KAZINFORM

Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған Ринат Казаченко Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Қазақстандық мерген 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 355,2 ұпай жинады.

Алтын медальді Рохит Каньян жеңіп алды — 355,9 ұпай. Үздік үштікті Патрик Энтнер түйіндеді — 344,0 ұпай.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының осы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: