Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшылар 4×400 метрлік аралас эстафетада чемпион атанды. Құрамында Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс өнер көрсеткен команда мәреге 3:16.75 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті.
Күміс жүлдені Үндістан құрамасы (3:17.06) иеленсе, Қытай спортшылары 3:17.20 нәтижесімен қола медальға қол жеткізді.
Эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Қазақстан ерлер және әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафета жарыстарында да бақ сынайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
