Бейсенбі, 28 наурыз, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы зияткерлік мектеп қауымдастығы күзгі марафонда кездесті

26.10.2022

792 0

Республика күніне орай Сыр өңіріндегі NIS жеңіл атлетикалық марафон ұйымдастырды. 200-ден астам оқушы, ата-ана мен мұғалімдер өзен жағалауында жүгіруге шығып, салауатты өмір салтын насихаттады.

Білім ордасының басшысы Жаңбыржан Бекболатов алғашқы сөз алып, іс-шараның мектеп қауымдастығы мүшелері арасындағы байланысты нығайтудағы және бұқараны спортпен шұғылдануға дағдыландырудағы маңыздылығын атап өтті.

Екінші рет өткізіліп отырған жаппай жүгіруге биыл оқушылар, ата-аналар және мектеп қызметкерлерінің белсенділігі артып, қатысушылардың саны екі есе өсті. Салауатты өмір салтын ұстанған азаматтар Сырдария өзені бойымен 3,5 шақырым қашықтықта жүгіріп, денелерін шынықтырды.

– «Мықты болсаң, өзіңді жеңіп көр» дегендей, демалыста үйде отырмай, қызымыз екеуміз марафонға шығып, көңілімізді көтеріп, бойымызды сергіттік. Бұндай бәйгеге бірінші қатысуым , ерекше эмоция алдым, – дейді ата-ана Мөлдір Құлмырзаева.

Марафон нәтижелері бойынша оқушылар арасында Абылайхан Бертаев пен Әнел Омарова бірінші болып жүгіріп келсе,
ата-аналар арасында Мақсат Оспанов пен Толқынай Сейтханова мәре сызығын алғашқы болып кесіп өтті. Ал мектеп қызметкерлерінен бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Нариман Сариев пен педагог-куратор Гүлжан Досанова жарыстың жеңімпаздары деп танылды.

– Алғашқы марафонда екінші орын алған едім, енді міне бірінші болып жүгіріп келдім. Өте қуаныштымын. Спорт – денсаулық кепілі, үнемі физикалық қозғалыста болудың адам үшін пайдасы зор, – дейді марафон жеңімпазы Нариман Сариев.

Ұйымдастырушылар тарапынан барлық жүлдегерлер естелік медальмен және Дипломмен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: