Сенбі, 20 сәуiр, 01:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Шағын футболдан сынға түсті

21.12.2021

1591 0

Жамбыл атындағы №120 орта мектебінің дене шынықтыру пән бірлестігінің ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқу ғимаратында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қаладағы мектеп мұғалімдерінің арасында шағын футболдан турнир өтті.

Оған қаладағы №120, №176, №173, №222, №261, №212, №9 және №136 мектептің командалары қатысты. Жарысқа қатысушылар 2 топқа бөлініп, бақтарын сынады. Топтан екінші болып шыққан №120 мектеп командасы мен №173 мектеп мұғалімдері ІІІ орын үшін ойнаса, І орынға №176 және №212 мектеп командалары таласты.

ІІІ орын үшін сайыста №173 мектеп командасы №120 мектеп командасынан басым түссе, І орынға тартыста Тасбөгеттегі №176 мектеп командасы №212 мектеп командасын 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Турнирдің жабылу салтанатын Жамбыл атындағы №120 мектеп директоры А.Шамшатова жарыстың жеңімпаздары мен үздік ойыншыларын қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапаттап, турнирге тағайындалған медаль, кубок табыс етті.

Берік БАЙНИЯЗОВ,

№120 Жамбыл атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: