Сейсенбі, 16 сәуiр, 10:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі 5-ші жеңісінен қанша тапқаны белгілі болды

05.03.2023

829 0

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (17-0) UFC-дегі бесінші жекпе-жегінен қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өткен UFC 285 турнирі аясында өткен сайыста қазақстандық Номад америкалық Джефф Нилмен (15-7) кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді.

Олардың арасында бәсеке UFC 285-тің ең үздік жекпе-жегі деп танылды, бұл атақ үшін файтерлер $50 000 бонус алуға құқылы. Алайда, 100 000 доллардың барлығын Рахмонов алады, өйткені Нил салмақты орындамаған.

Сонымен қатар, Рахмонов 30 000 АҚШ доллары көлеміндегі кепілдік жарна және 6 000 доллар демеушілік бонус алады. Бұған қоса, қазақстандық жауынгер қарсыласының салмақ өлшеу рәсіміндегі сәтсіздігі үшін оның жарнасының  30 пайызын алады – бұл 25 500 доллар. Айыппұл салынғанға дейін америкалық файтердің кепілдік жарнасы $75 000 (тағы $10 000 демеушілік бонус) болған.

Жалпы Рахмонов UFC-дегі бесінші жекпе-жегі үшін 191 500 доллар (82,5 миллион теңге) табыс тапты.

Номад үшін бұл ММА мансабындағы 17 жекпе-жектегі 17-ші жеңісі екенін айта кетейік. Рахмонов барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады, оның ішінде бесеуі UFC-де өтті. Нилге қарсы жекпе-жектегі жылдам жеңісі UFC басшысын тәнті еткенін ерекше атап өткеніміз жөн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: