Сенбі, 27 сәуiр, 16:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Streetball сайысы өтті

28.09.2021

1436 0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен №23 мектеп-лицейдің ұйымдастыруымен оқушылары арасында Street ball сайысы өткізілді.

Стритболға ұл, қыздар командасы қатысты. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және достық байланыстарын арттыру, стритбол ойынын дамыту, спорт саласындағы шеберліктерін шыңдау мақсатын көздеген жарысқа барлығы 9 топ қатысты.

Нәтижесінде ұлдар командасынан 1 орынды Барыс, 2 орынды Арыстан, үшінші орынды Арлан топтары жеңіп алды. Ал қыздар командасынан 1 орынды Адреналин, 2 орынды Реванш, үшінші орынды Томирис тобы қанжығасына байлады.

Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар, ал жеңімпаздарға «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы кубок, диплом және сыйлықтар табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: