Бейсенбі, 28 наурыз, 20:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Зерде мен зейін ойыны

08.11.2021

1938 0

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер арасында өткен

«Qyzylorda Open-2021» атты республикалық турнирдің марапаттау рәсімі өтті. Қызылорда қаласы әкімінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылған турнир алты күнге созылды.

Интеллектуалды ойынға Қызыл­орда қаласы мен аудандардан және елі­міздің әр өңірінен, 150-ге жуық оқушы қатысты.

– Еліміздің түкпір-түкпірінен кел­ген ойлы өрендер арасында ауыз­біршілікті нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өт­кізілген турнир өз мәресіне жетті. Аса қырағылық пен алғырлықты қажет ететін спорт түріне қызығушылық танытып жүрген оқушыларға шахмат әлемінің биік белестерін бағындыруды тілейміз, – деді қала әкімінің орын­басары Бектас Нұридинов.

Шара соңында қатарынан үздік шығып, 8, 10, 12, 14 жас аралығында жеңіске жеткен жеңімпаздар қала әкі­мінің бағалы сыйлықтарымен ма­ра­патталды. Аталған турнир алдағы уа­қытта дәстүрлі түрде жалғасын табады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: