Бейсенбі, 02 мамыр, 16:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием

09.12.2021

1588 0

Расыменде «Өткенсіз – бүгін жоқ, бүгінсіз – ертең жоқ» бұл тарих айқындаған өмір шындығы. Қазақ халқы бұған дейін небір нәубет кезеңдерді басынан өткерді. Атаның қаны, ананың жасымен жеткен тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтай білу ләзім. Биыл осы ұлық мерекемізге 30 жыл.

Бұл – еліміз үшін ең жоғары мерейтой. Өз алдына дербес мемлекет қалыптастырдық. Адам өмірімен салыстырып қарасаңыз, отыз жас өткеніне есеп беріп, келешегіне болжам жасай алатын кез. Егемен еліміз осы жылдар бедерінде бұрын – соңды болмаған жетістіктерге қол жеткізгенін айта кету керек. Алаш елінің мың жылдардан келе жатқан арман тілегін орындады.

Түп тамыры ежелден бастау алған қазақ халқы өз тағдырында Жұбан ақын айтқандай, «мың өліп, мың тірілген» ел. Сондай қиын кезеңдерді көзбен көріп, басынан кешсе де өз дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын ұмыт қалдырмады. Еркіндік сүйген еліміз бір қуаныштың боларын білді. Сол жолда жігерін жаныды, қайратына мінді. Мұның барлығы сайып келгенде қазақтың қайсарлығы. Қазақ мемлекетілігінің негізі сонау Сақ заманынан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ  дәуіріне дейін жалғасқанын тарихтан білеміз. Бертін келе Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.

Қазақ елінің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін болған көтерілістер тарих беттерінде сайрап тұр. Солардың бірі Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы бастаған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі. Сонымен қатар «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманынан бастап, қынадай қырылған 1930-1933 жылдар тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған кезеңдер еді. Алайда бойымызға біткен қайсарлығымыз бен ертеңгі күнге деген сеніміміздің арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Осындай ел қорғауды ұран еткен ерлеріміз ел құрметіне бөленіп есімдері алтын әріппен тарихта қалды. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін, жерін қорғаған бабалар рухынан қуат алған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиетті жылнамасы болды. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздік таңын тарту етті. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты. Дүние дидарына жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді. Тәуелсіздігіміздің арқасында барлық салада серпін болды. Мәдениет, әдебиет, білім мен спорт салаларында оң нәтижеге қол жеткізіп келеміз. Мұның барлығы тәуелсіздіктеңдесіз жемісі. Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай бермек.

Алтыншаш СМАДУЛЛА,

Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернат тәрбиешісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: