Жұма, 31 мамыр, 02:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

1 сәуірден бастап қолма-қол ақша шығарылмайтыны рас па?

17.02.2023

582 0

WhatsApp-та биыл 1 сәуірден бастап барлығы цифрлық ақшаға аударылатыны туралы ақпарат таратылып жатыр. Бұл – жалған ақпарат, – деп хабарлайды Stopfake.kz.

Бұл хабарлама – ресейлік қолданушылар арасында таралған мәтіннің дәл көшірмесі. Қазақстанда цифрлық валюта жобасы әзірленіп жатыр, алайда жоба әлі аяқталмаған. ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы өнеркәсіптік пайдалану деңгейіне шығару үшін «Цифрлық теңге» жобасын кеңейту жоспарланған. Яғни, қазір барлық қазақстандық, қанша қаласа да, цифрлық теңгені пайдалана алмайды. Осылайша, барлығын цифрлық валютаға мәжбүрлеп аудару мүмкін емес.

Сонымен қатар, бизнес өкілдері мен қарапайым азаматтардың басым бөлігі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшкен елдерде де қолма-қол ақша жойылған жоқ немесе оған тыйым салынған жоқ. Мәселен, іс жүзінде қолма-қол ақшасыз қоғамға мысал бола алатын Швецияда банкоматтар әлі де жұмыс істеп тұр және олардан қолма-қол ақша алуға болады. Финляндияда, Норвегияда және Жаңа Зеландияда заң бойынша барлық төлемнің 2 пайызы қолма-қол ақшамен жасалуға тиіс. 

Бұл мысалдарға қарап, цифрлық ақшаға толық мәжбүрлеп көшу туралы теорияның шындыққа жанаспайтынын түсінеміз. Оның үстіне, Қазақстанда цифрлық теңге жобасы әлі аяқталған жоқ және пайдалануға енгізілмеген.
Демек, таралған ақпарат – жалған және конспирология.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: