Жұма, 17 мамыр, 07:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

16 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

16.02.2024

488 0

Сурет: kaz.nur.kz

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін сүйіспеншілігіңізді лайықты түрде көрсетуге мүмкіндік болады. Бұл сіз үшін маңызды адамыңызға шабыт сыйлап, қызықты кездесуге шақырады.

Торпақ

Демалыс күндеріңіз бен бос уақытыңызды бірлескен демалыс пен романтикалық іс-шаралар үшін жоспарлауды бастаңыз. Бұл қарым-қатынасыңызға үйлесімділік әкеледі.

Егіздер

Қарым-қатынаста сезімнің шынайылығына назар аударыңыз, серіктесіңізбен арақатынаста ештеңе жасырмаңыз.

Шаян

Сүйіктіңізді бағалай біліңіз: оларға сыйлық беріңіз, еркелетіңіз немесе кешкі асқа апарыңыз. Бұл қарым-қатынасыңызды нығайтуға көмектеседі.

Арыстан

Бүгін сүйіктіңізбен арада салқындық пайда болмас үшін біраз еңбектенуіңізге тура келеді. Сондықтан аянып қалмаңыз!

Бикеш

Бүгін жеке өміріңізге қатысты маңызды ұсыныс аласыз. Алайда барлығын таразылап барып жауап беріңіз.

Таразы

Егер қарым-қатынасыңыз қиын кезеңдерге тап болса, романтикалық әрі сезімтал атмосфера құруға тырысыңыз. Шығармашылық қабілетіңізді көрсетуден қорықпаңыз және бір-біріңізді қуантуға тырысыңыздар.

Сарышаян

Жеке өміріңізге назар аударыңыз, жаңа махаббат хикаяларын табыңыз. Бірақ виртуалды таныстықта абай болыңыз.

Мерген

Бүгін сүйіктіңізбен қарым-қатынаста мейірімді әрі сезімталдық танытыңыз. Қарапайым өмірде сіз ешқашан жасағыңыз келмейтін көптеген нәрселерді бүгін жасауға тура келетініне дайын болыңыз.

Тауешкі

Сүйген адамыңыз болса, оны мақтап қоюды ұмытпаңыз: бәрі де өзінің сүйікті әрі бағалы екенін сезінгісі келеді.

Суқұйғыш

Қарым-қатынасыңыз қайта жарқырауы үшін серіктесіңізбен шешілмеген жанжалдардан бас тартудың уақыты келді.

Балықтар

Сезімдердегі маңызды өзгерістер туралы ойлану үшін демалыс күнін алыңыз. Мүмкін шешімі болып де қалар.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Отбасы күнтізбесіне қызықты бірлескен әрекеттерді қосыңыз. Бірге кешкі асқа немесе ойын-сауық орындарына барып, қызықты уақыт өткізуге тырысыңыздар.

Торпақ

Отбасылық кеңесте көшу туралы сөз қозғауларыңыз мүмкін. Сондықтан басқа жаққа қоныс аударуды қарастырып көріңіз. Туыстарыңыздан алыстап кетемін деп уайымдамай, жаңа мүмкіндіктердің барын ойлаңыз.

Егіздер

Бүгін балаларыңызға қаталдық танытпаңыз. Бұл олардың сізге деген көзқарасына жақсы әсер етпейді.

Шаян

Отбасыңызбен және достарыңызбен тіл табыса алмай жүрсеңіз, бүгін ымыраға келуге тырысыңыз. Бір мезет олардың да ойын тыңдап, түсіністік танытсаңыз, бұл даулы мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

Арыстан

Отбасылық кездесулер туралы ойланыңыз және олармен бір жерге барыңыз.

Бикеш

Бүгін отбасыңызбен уақыт өткізу, отбасыңызға көңіл бөлу пайдалы болуы мүмкін.

Таразы

Ашуланбаңыз және сыпайы әрі төзімді болыңыз. Отбасыңыздағы мәселелерге назар аударыңыз. Бұл қарым-қатынасты нығайтуға және болашақта қолдау табуға көмектеседі.

Сарышаян

Кей сәттері үйіңізде орын алған қиындықтарды жеңу үшін кажырлы күш-қуат қажет болуы мүмкін. Біреулер кеңес айтып жатса, еріп кетпеңіз, себебі кейбірі тым асығыс болуы мүмкін. Дегенмен құнды ақыл айтатын адамдардың барын да жоққа шығармаған жөн.

Мерген

Отбасыңыздың қаржысын ретке келтіру бүкіл отбасына пайда әкеледі. Сондықтан бюджетті есептеп, оны қалай өзгерту керектігін шешіңіз. Отбасы мүшелерінің қажет етіп жүрген нәрселері болса, оған да назар аударыңыз.

Тауешкі

Егер сіз күні бойы отбасыңызбен уақыт өткізсеңіз, кешке жеңіл және дәмді кешкі ас дайындауды ұмытпаңыз. Бұл күнді тамаша аяқтауға көмектеседі.

Суқұйғыш

Саябақта отбасымен бірге серуендеңіздер. Отбасылық бизнес мәселелерінің басты орынға шығуына жол бермеңіз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: