Жексенбі, 16 маусым, 08:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

23 мамырға арналған жұлдыз жорамал

23.05.2024

189 0

Сурет: glavred info

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Жұмысқа бар ынтамен кірісіңіз. Бір күннің ішінде қанша істі тындырып тастағаныңызды көріп таңғаласыз. Бұған қоса алға қойған мақсатыңызға қол жеткізу мүмкіндігі туады.

Бүгін достарыңызбен бірге уақыт өткізіңіз. Оларға кинотеатрға баруды, серуендеуді, саябаққа баруды ұсыныңыз. Бүгін көбірек сөйлесуге тырысыңыз.

Жұлдыз-жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынасты ой елегінен өткізіп, қандай да бір проблемалардың бар-жоғын түсіну үшін үзіліс жасағанды жөн санайсыз.

Бүгін белсенді және салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Бір жеріңіз ауырып жүрген болса, отырып, тұрып, жаттығу жасаңыз. Көбірек демалып, ұйқыны қандыруға көңіл бөліңіз.

Жұлдыз-жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Ата-анаңызбен көбірек уақыт өткізіңіз. Оларды қыдыртып, көбірек сөйлессеңіз, өмірге деген құлшынысы арта түседі. Достарыңызбен де кездесіп, соңғы кездерде алдыңыздан шығып жүрген қиындықтарды қалай еңсеңгерінізді айтып, кеңес беріңіз. Көмегі тиетіні сөзсіз.

Жұлдыз-жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Қарым-қатынаста қызғаныш, реніш өршуі мүмкін: сүйіктіңізбен арадағы сезімге селкеу түсірмеу үшін осы жайттардың алдын алуға тырысыңыз. Жұбайыңызбен демалысқа арналған жоспарларыңыз туралы сөйлесіңіз: демалысты бұрын көріп, білмеген жерлерде өткізу жолдарын қарастырыңыз.

Жұлдыз-жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Кешіңізді жақын досыңызбен өткізу жағын ойластырыңыз. Оған дәл қазір сіздің қолдауыңыз ауадай қажет болып жүруі мүмкін. Терең әңгіме құрып, мазалап жүрген жан сырын айтуға мүмкіндік беріңіз. Күтпеген қаржылық қиындықтарға дайын болыңыз. Сабыр сақтаңыз, бәрі сәтті шешіледі.

Жұлдыз-жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Достарыңызбен асықпай отырып сыр тартқатқыңыз келіп жүрсе, кездесуді кешке немесе демалыс күніне жоспарлаңыз. Маңызды мәселелерді талқылау және терең пікірталас сізге де, оларға да пайдалы болмақ. Балаңызбен серуендеп, алдағы демалыс күндеріне бірге жоспар құрыңыз. Балаларға ұнайтын нәрсені бірге зерттеңіз, қызық кітаптар, қызық фильмдер ұсыныңыз. Отбасыңызбен табиғат аясында серуендеу жағын да ойластырған абзал.

Жұлдыз-жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін денсаулығыңызға көңіл бөлуге, дәрігерге қаралуға мүмкіндік туады. Жақын арада денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Шұғыл медициналық көмек қажет болуы мүмкін.

Жоспарларыңызды іске асырғыңыз келсе, табандылық танытыңыз. Іскерлік мәселелерді шешуде табанды болыңыз.

Жұлдыз-жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Балаларыңызға әдеттегіден көбірек көңіл бөліңіз. Жақындарыңызға мейірімді болыңыз. Балаларға көп жауапкершілік жүктегеннен бұрын жеке қасиеттерін, қабілет-қарымын анықтап алу жағын ойластырыңыз. Сүйіктіңізге көптен тосынсый жасамаған болсаңыз, бүгін соның сәті келіп тұр. «Бәрінен көңіл қымбат» деген қағиданы есте сақтаңыз.

Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Ұйқыны реттеп, мазасыз ойлардан бір сәт тынығу жолдарын іздеңіз. Жақын адамыңыздың сізге айтпақ болып жүрген сөзі болуы мүмкін, көңіл бөліп, сөзін ден қойып тыңдауға тырысыңыз.

Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Алдағы екі күнде тамақтану сапасын жақсартыңыз: көбірек су ішіңіз, жаңа піскен көкөністерден салаттар әзірлеңіз, дәрумендер мен антиоксиданттарға бай көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыныңыз, бұл сіздің физикалық және ақыл-ой қабілетіңізді жақсартады. Балаларыңызға, әсіресе кіші балаларға көңіл бөлген жөн. Сізге шабыт, күш-қуат беретін отбасы екенін есте сақтаңыз.

Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін – медитация жасауға, семинарларға баруға немесе психологпен кеңесуге таптырмас күн. Бұл кезеңде рухани жаққа көбірек көңіл бөлген жөн. Жұмыстан сәл демалыс алып, денсаулығыңызға назар аударыңыз.

Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Отбасылық жетістіктерді ерекше атап өтуді әдетке айналдыруға тырысыңыз. Балаңызға сүйікті ісін таңдауға, бірге серуендеуге тырысып, отбасымен қызықты іс-шараларға қатысу жағын жоспарлаңыз. Сүйікті адамыңызбен қарым-қатынаста қиындықтар туындаса, бүкпесіз сөйлесіп, ойыңызды ашып айтудан қашпаған жөн.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: